- Басты
- Жаңалықтар
- Пробацияның бір жыл ішіндегі қорытындысы жаңа қылмыстарды ескерту бойынша айтарлықтай тиімділікке ие болды - Қасымов
Пробацияның бір жыл ішіндегі қорытындысы жаңа қылмыстарды ескерту бойынша айтарлықтай тиімділікке ие болды - Қасымов
«Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Заң жобасының негізгі мақсаты – еліміздің қылмыстық саясатын әрі қарай ізгілендіру, оны халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында, оның ішінде айыпталушыларды қайта әлеуметтендіруді жоғарылату жолы арқылы сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізу.
«Сараптама көрсеткендей, жыл сайын пробация қызметінен өткен азаматтардың саны артып келеді. 2015 жылы олардың саны 23 пайызға өсіп, 39,5 мыңнан 48,5 мың адамға дейін көтерілді. Есеп бойынша адам қатарының өсуіне қарамастан қайта жасалған қылмыстардың саны азайды, 671-ден 461-ге дейін азайды. Іздеуде жүрген адам саны 117-ден 85-ке дейін қысқарды", - деді министр.
Оның айтуынша, тек бір жылдың қорытындысы ғана қылмыстарды ескерту бойынша тиімділікке ие болды.
«Еліміздің қылмыстық заңын әлемдік тәжірибемен орайластыру үшін құқық бұзушыларға қылмыстық-құқықтық ықпал етуді арттыру саласын кеңейту мақсатында 2012 жылдан бері қолданыста болып келе жатқан үкімдік және пенитенциарлықтан кейінгі кезеңдермен қатар сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробация енгізіледі», - деп нақтылады Қ. Қасымов.
Сотқа дейінгі пробация кезеңінде жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижелері бойынша пробация қызметі баяндама жазатын болады, онда күдіктінің жеке басының ерекшеліктері туралы сотқа арналған ақпарат, сәйкес шаралардың орындалуы немесе оларды орындауға деген ұмтылысы қамтылады. Сот бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған жағдайда пробацияның келесі үлгісі – пенитенциарлық пробация қолданысқа енгізіледі.
ІІМ басшысы атап өткендей, Ұлт жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның 33 қадамын орындау мақсатында ҚР ІІМ әзірлеген заң жобасын қабылдаудың мақсаты қылмыстық сот төрелігін әлеуметтендіру әлеуетін кеңейту, қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру болып табылады.
«Заң жобаларының қабылдануы құқық бұзушының әлеуметтік бейімделуіне, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге, оның ішінде қайта қылмыс жасауының алдын алуға да, бағытталған әрекеттерге ұйымдар мен азаматтардың жан-жақты қатысуы үшін жағдайлар тудырады», - деп түйіндеді министр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі