- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Айтуғанов: Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды
Қ.Айтуғанов: Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды
«28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен шараларды жүзеге асыру механизмдері түсінірілді. Оның ішінде кооперативтерді құру мен оларды қаржыландыру мәселесі де бар. Әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары барлық өңірде, аудандарда өткізілуі тиіс. Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды. Кооперативтерге орташа есеппен 3-4 қатысушы тартылады. Қорытындысында, ауыл шаруашылығымен айналысып отырғандарды толық кооперативпен қамту жүзеге аспайды», - деді Қ.Айтуғанов.
Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары. Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.
«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микронесиелерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ЖҚЖ-2020 бекіту бойынша Үкімет қаулысына бір мезетте берілетін несие мөлшерін 16 млн-ға арттыру және несиелендіру мерзімін 7 жылға дейін ұзартуды қарастыратын толықтырулар енгізілуде», - деп ойын жалғады Қ.Айтуғанов.
Бұдан әрі бірінші вице-министр елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы жағдаймен таныстырып өтті.
Вице-министр айтып өткендей, әкімдіктердің қалауымен қазан айынан бастап министрлік ауыл әкімдеріне арналған оқыту семинарларын өткізеді.Семинарлар Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Алматы, Павлодар облыстарында өткізілді. Барлығы 966 қызметкерді жергілікті атқарушы органдар оқытты.15 қарашада 2 мың 400 әкімді оқыту үрдісі аяқталады.
Ботагөз Айтжанова
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда