- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ: Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады (ФОТО)
АШМ: Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады (ФОТО)
«Елбасы бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және ауыл халқын жұмыспен қамту бойынша тапсырма берген болатын. Биылғы жылдың 28 маусымында Үкімет отырысында аталмыш шараны жүзеге асыру бойынша іс-қимылдар таныстырылды. Министрлік облыс әкімдіктерімен және Денсаулық сақтау, әлеуметтік даму министрлігімен бірігіп үшжақты кезеңдік жоспар түзілді. Шараларды жыл соңына дейін жүзеге асыру көзделген», - деді ол.
Оның айтуынша, шараларды жүзеге асыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.
«28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен шараларды жүзеге асыру механизмдері түсінірілді. Оның ішінде кооперативтерді құру мен оларды қаржыландыру мәселесі де бар. Әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары барлық өңірде, аудандарда өткізілуі тиіс», - деді Қ.Айтуғанов.
Вице-министр айтып өткендей, әкімдіктердің қалауымен қазан айынан бастап министрлік ауыл әкімдеріне арналған оқыту семинарларын өткізеді.Семинарлар Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Алматы, Павлодар облыстарында өткізілді. Барлығы 966 қызметкерді жергілікті атқарушы органдар оқытты.15 қарашада 2 мың 400 әкімді оқыту үрдісі аяқталады.
Бұдан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары.Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.
Ботагөз Айтжанова
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады