• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж.Қасымбек: Қазақстанда 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді (ФОТО)

Ж.Қасымбек: Қазақстанда 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді (ФОТО)

18 Қазан, 2016 10:43
Қазақстанда 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында айтты.

Іздеу-барлау жұмыстары елді мекендерді жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Бекітілген жерасты су қорлары елді мекендердің сумен жабдықтау жүйесін салу үшін негіз болады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасының  іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу бөлігінде 2015 ж. дейін қосалқы орындаушы болған.2002-2010 жж. арналған «Таза су» бағдарламасы аясында іздеу-барлау жұмыстары 576 ауылға жүргізіліп, тәулігіне 0,12 млн. м3 көлемінде қор бекітілген болатын.

«2012-2015  жж. 1301 ауылға іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, алғаш рет 0,6 млн. м3 қор бекітіліп, мемлекеттік балансқа қойылды және 105 кен орнының пайдалану мерзімі өтіп кетуіне байланысты қорлары тәулігіне 2,7 млн. м3 көлемде қайта бекітілді. Бөлінген 25,1 млрд. теңге толық көлемде игерілді», - деді Ж.Қасымбек.

Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді, 105 кен орнының қорлары қайта бекітілді. Жаңа жобалар бойынша 2017 жылы аяқталатын 12 кен орны және 330 ауыл үшін жұмыстар басталды.

Оның айтуынша, «2016 жылы 480 ауыл мен 35 кен орны үшін жұмыстар аяқталады, бұл мақсатқа бюджеттен  6,5 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар министрлікке жерасты суларының қорларын бекіту үшін есеп береді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар