• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында жоғары сапалы 100 мың тонна тұз өндіретін цехтің құрылысы жүруде

Қызылорда облысында жоғары сапалы 100 мың тонна тұз өндіретін цехтің құрылысы жүруде

5 Желтоқсан, 2013 17:20
Қызылорда облысында «Аралтұз» АҚ кәсіпорынының аясында испандық қондырғы арқылы жұмыс істейтін цехтің құрылысы жүруде, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Зауыт  жоғары сапалы 100 мың тонна тұз өндіруге мүмкіндік береді. Ол 100-120 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Егер де кәсіпорын толық қуаттылыққа шықса тәулігіне 180 тонна тұз өндіретін болады», - делінген хабарламада.

 Айта кетрелігі, «Аралтұз» ЖШС йодталған тұзды өндіретін негізгі зауыт. Кәсіпорын Арал ауданының 700 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр, ағымдағы жылы 270 000 тонна тұз өндіріп алынады деп күтілуде. Қазіргі таңда зауыт ас пен техникалық тұздың түрлерін өндіреді. 

Барлық жаңалықтар