- Басты
- Жаңалықтар
- М.Варга: Қазақстан Мажарстанның Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі
М.Варга: Қазақстан Мажарстанның Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі

«Қазақстан Мажарстанның Орталық Азиядағы стратегиялық маңызды әріптесі. Қазақстан біз үшін Еуропа мен Азия арасындағы көпір болып табылады. Мажарстан Қазақстанның мүдделерін, сондай-ақ Еуропалық одақпен ынтымақтастығын қолдайды. Біз Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануымен де құттықтаймыз. Мажарстандық кәсіпорындар экономиканы әртараптандыруда, сондай-ақ өңірлік және қалалық даму бағдарламасында қазақстандық компанияларға өз тәжірибесі мен білімдерін ұсына алады», - деді М. Варга.
Сонымен бірге, министр Мажарстанның 2017 жылы ЭКСПО көрмесіне қатысатынын да атап өтті. Оның айтуы бойынша, бұл елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 8 ай қорытындылары бойынша Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сыртқы сауда айналымы жуық шамамен 80 млн долларды құраған. Осы ретте 2005-2015 жылғы түсім мен шығынды ескергенде, ҚР экономикасына мажарстандық инвестициялардың жалпы көлемі 103,5 млн долларды құраған. Одан басқа, ынтымақтастықты дамыту үшін жағдайлар жасалған, елдер арасында стратегиялық кеңес құрылған, экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес, сондай-ақ 40 млн доллар сомасына ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру бойынша бірлескен қор жұмыс істейді. Экономика саласында екіжақты халықаралық құқықтық шарттық негіздегі негізгі элементтер қалыптастырылған.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы

