• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Нұрабаев: Халықаралық стандартқа көшу Қазақстанда барлау жұмыстарының көлемін арттыру арқылы жаңа кен орындарды ашуға мүмкіндік тудырады

Б.Нұрабаев: Халықаралық стандартқа көшу Қазақстанда барлау жұмыстарының көлемін арттыру арқылы жаңа кен орындарды ашуға мүмкіндік тудырады

17 Қазан, 2016 17:36
Халықаралық стандартқа көшу Қазақстанда барлау жұмыстарының көлемін арттыру арқылы жаңа кен орындарды ашуға мүмкіндік тудырады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «74-ші қадам «Қатты пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің халықаралық стандарттар жүйесін енгізуді» жүзеге асыру тақырыбындағы баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

«Іс жүзінде жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемнің барлық биржалары CRIRSCO стандарттары бойынша әзірленген есептілікті қабылдайды. Өйткені, бұл стандарттар инвесторлар үшін негізгі қауіп – компаниялардың есептілігінде көрсетілген ресурстар мен қорларды растай алмау қаупін едәуір азайтуға себепші болады», - деді Б.Нұрабаев. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасынан CRIRSCO комитетіне KAZRC қауымдастығы оның құрамындағы 10-мүшесі болды.

Есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу Қазақстанда юниорлық компаниялар нарығын құруға және дамытуға ықпал етеді және барлау жұмыстарының көлемін арттыру арқылы жаңа кенорындарын ашуға мүмкіндік тудырады, сондай-ақ халықаралық биржаларға шығу үшін ұсынылатын ақпараттың ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді деп күтілуде.   

Қазіргі уақытта Қазақстанда 24 жер қойнауын пайдаланушы компания ғана Қазақстан қор биржасында (KASE) инвестициялық қаражат тартады және небәрі 7 компания ғана шетелдік биржаларда тіркелген.

KAZRC қауымдастығы CRIRSCO ұсынысымен халықаралық стандарттар бойынша оқу бағдарламарының сапасын бақылайды. Осы мақсаттармен Қауымдастық білім беру ұйымдарымен және Жер қойнауын пайдаланудағы тәуелсіз сарапшылардың кәсіби бірлестігімен (ЖТСКБ) ынтымақтастық жөніндегі үлгілік меморандум әзірледі.  

Ол талпынысқа Курс бағдарламаларын оқыту үшін  ЖТСКБ және/немесе шетелдік кәсіби ұйымдардың  мүшесі болып табылатын білікті мамандарды тартуды көздеу жатады.  

ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті осы кезеңде бірнеше  бағыт бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Ол:

- KAZRC стандарттары бойынша Биржаға ұсыну үшін есептілікті құрастыру мәселесін жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен талқылау,

- Ұлттық компания ретінде «Қазгеология» АҚ да KAZRC стандарттары бойынша бірлескен инвестициялық барлау жобалары жөніндегі есептілікті құрастыруа бастауы тиіс. Өйткені, «Қазгеология» компаниясының инвестициялық серіктестері – өз практикасында халықаралық стандарттарды пайдаланатын, тау-кен өндіретін, әлемнің ірі компаниялары.    

- KAZRC кодексінің халықаралық биржаларда танылуы және ЖТСКБ-нің CRIRSCO-ның 10-шы мүшесі ретінде стандарттардың халықаралық кәсіби ұйымдарында  танылуы.

- Еуропа қайта құру және даму банкінің гранты аясында көмірсутекті шикізат бойынша SPE/RMS стандарттарына көшу жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу.   

Барлық жаңалықтар