- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Швейцария сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі
Қазақстан мен Швейцария сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі
Женеваның бұрынғы мэрі ретінде П.Модэ Қ.Тоқаевтың 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімшесінің Бас директоры лауазымын атқарған кездегі қызметін жоғары бағалады.
Тараптар бірлескен күш-жігердің арқасында жаһандық дипломатияның орталығы ретіндегі Женеваның мәртебесі айтарлықтай арта түскенін атап өтті. Сенат Төрағасының айтуынша, әлемде геосаяси шиеленістер өршіп тұрған бүгінгі жағдайда БҰҰ Женева штаб-пәтері көпжақты келіссөздер, жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды реттеу үшін маңызды алаң ретінде одан әрі жан-жақты қолдауды қажет етеді.
Сенат Төрағасы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі П.Модэнің ниетіне құптау білдірді. Қазіргі уақытта, Қазақстанның әлем елдерімен сауда айналымының көлемі бойынша Швейцария бесінші орында тұр. 2015 жылы екі жақты сауда көлемі 2,79 миллиард АҚШ долларын құрады.
Сонымен қатар, Швейцария соңғы он жылда Қазақстан экономикасына 14,5 миллиард доллар инвестиция салған ірі инвесторларының бірі болып табылады. Төрағаның айтуынша, екіжақты ынтымақтастықтың оң үрдісін дамыта беру қажет. Осыған байланысты, Қ.Тоқаев П.Модэ бастаған Швейцария кәсіпкерлері делегациясының сапары өзара тиімді қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды