- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясында терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимылдар талқыланды
«Нұр Отан» партиясында терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимылдар талқыланды
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы Нұрлан Әбдіров қазіргі таңда терроризм және экстремизм адамзат үшін айтарлықтай қауіп болып табылатыны туралы айтып өтті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
«Бұрындары терроризм біздің елге жат ұғым еді. Қазіргі күні жағдай өзгеріп, қазақстандықтар да ел бірлігін, тыныштығын бұзуға бағытталған жат ағымдардың жетегіне еріп кетуде. Ер мен әйел адамдар, тіпті балалар да әлемдегі тепе-теңдікті бұзуға арналған қауіпті шаралар мен соғыстарға қатысуда. Жақындарымыздың терроризмнің жолымен жүрулеріне жол бермеуіміз керек. Адам дүниеге басқа біреудің өмірін қию үшін келмейді. Бұл ұғымды әр адам жастайынан санасына сіңіруі қажет. Қоғамда, халық арасында адамгершілік пен бейбітшілікті нығайтып, мейірімге толы қарым-қатынасты күшейтуіміз керек», – дейді Нұрлан Әбдіров.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда экстремизм мен терроризмді жою мен алдын-алу бойынша жұмысты күшейту мәселесінде құқық қорғау органдары және арнайы қызметтермен қатар, барлық қазақстандық қоғам, сарапшылар, ғалымдар, дін қайраткерлері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқаруы тиіс.
«Бүгінде «Нұр Отан» партиясы қоғамда экстремизм мен терроризмге төтеп беру мақсатында түрлі деңгейде саналуан жұмыстар жүргізуде», – деп атап өтті депутат.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо Қазақстанда Үкімет, Парламент және азаматтық қоғам терроризмге қарсы тұру мәселесіне үлкен көңіл бөлетінін тілге тиек етті.
«Терроризм мәселесі бүгінгі күні күллі әлемді толғандырып отыр. Террорлық актілерден қарапайым халық зардап шегуде. Қазіргі күні мемлекеттер бұл дертке қарсы тұрудың тиімді жолдарын іздестіріп жатқаны белгілі. Барлығы террорлық әрекеттен кейін емес, одан ертерек бірлесе жұмыс істеу керектігін ұғып отыр. Алдын алу шаралары –бірігіп әрекет етудің ең тиімді жолы. Осы бағытта заң да, адам құқықтары да бұзылмауын қамтамасыз ету қажет. Бізге қоғам дерті терроризммен күресуде осы екі мәселені тепе-теңдікте ұстайтын амалдарды қарастыру керек», – дейді Дьердь Сабо.
Сондай-ақ, Дьердь Сабо ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы «Қазақстан Республикасындағы экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасына енгізілген түзетулер бойынша алдын-ала қорытындымен танысып, өз ұсыныстарын жасағанын жеткізді.
«Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков «Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына тезірек сапалы өзгеріс енгізу Парламент пен Үкіметтің күн тәртібіндегі мәселелерінің бірі болу тиіс деп санайды.
«Бұл мемлекетшілдігіміз бен барлық тұрғындарымыздың қауіпсіздігіне тікелей және жанама төнетін қатерге қарсы тұруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді З.Тұрысбеков.
Партия хатшысы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында саяси ұйым жаппай қырып-жою қаруының таралуына, халықаралық терроризм мен экстремизмге, наркотрафикке және заңсыз көші-қон үдерісіне тосқауыл қоюда белсенді болатынын мәлімдегенін еске салды.
«Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде өзінің айналасындағы азаматтық қоғамның барлық ресурсын терроризм мен экстремизмге қарсы қояды және партия алаңдарын орталықта да, жергілікті жерлерде де тиімді пайдаланады. Біздің алдымызда партия алаңдарында қабылданатын заң жобаларын кеңінен талқылау және оған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам мүшелерін жұмылдыру міндеті тұр», – деді партия Хатшысы.
З.Тұрысбековтің пікірінше, терроризммен күресте алдын алу шараларына басымдық берілуі қажет. Сонымен қатар, терроризм тудыратын себептер анықталып, террористік актілерге жол бермеудің амалдары қарастырылуы керек.
«Барлық әрекет терроризм көріністерін азайтуға және жоюға бағытталуы тиіс. Мұнда терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл заңы маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдар заң жобасын әзірлеуде үлкен жұмыс тыңдырды. Заң жобасының 24 актіне өзгеріс енгізілді», – деді партия Хатшысы.
Танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтис терроризмен күресуде адам құқығын бұзбайтын заманауи тәсілдерді қолдану қажет деп санайды. Құқықтық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныс қабылданды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы