- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Салық кодексіндегі ҚҚС бойынша ерікті түрде есепке қою жөніндегі норманы қалпына келтіру ұсынылуда
Қазақстанда Салық кодексіндегі ҚҚС бойынша ерікті түрде есепке қою жөніндегі норманы қалпына келтіру ұсынылуда
«Заң жобасына енгізілетін түзетулердің жалпы саны – 234, соның ішінде: салықтық әкімшілендіру бойынша – 207 түзету, салық саясаты бойынша – 27 түзету. Ұсынылатын өзгерістер қолайлы кәсіпкерлік орта жасауға, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға және ағымдағы міндеттерді іске асыруға бағытталған. Бизнеске түсетін салық және әкімшілік жүктемеге жол бермеу мақсатында, ҚҚС бойынша есепке қою мақсаттары үшін қолданыстағы ең төмен бастапқы мәнді 2017 жылға дейін (қоса алғанда) сақтай отырып (30 000 АЕК), кейіннен кезең-кезеңмен төмендету: 2018 жылы –25 000 АЕК (53,0 млн теңге) дейін; 2019 жылы – 20 000 АЕК (42,4 млн теңге) дейін; 2020 жылы 15 000 АЕК (31,8 млн теңге) дейін төмендету ұсынылады», - деді Қ. Бішімбаев.
Сонымен бірге, Салық кодексіндегі ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою жөніндегі норманы қалпына келтіру ұсынылады.
Одан басқа, кооперацияның дамуын ынталандыру мақсатында, арнайы салық режимін (АСР) қолдану кезінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінде жер учаскесінің болуы жөніндегі талапты алып тастау ұсынылады.
«Одан басқа, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін, бұрын пайдаланылған активтерді өткізуді жүзеге асыратын шаруа қожалықтарының бірыңғай жер салығын (БЖС) пайдалану құқығын сақтау, сондай-ақ импортталған асыл тұқымды малдың өлімі және мәжбүрлі сойылуы кезінде табиғи шығын нормативтері шегінде ҚҚС бойынша жеңілдік тарату көзделген», - деп қосты министр.
Ботагөз Айтжанова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды