- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Таймағамбетов: «Мәңгілік ел» идеясы Қазақстан халқы салтанатының жаңа символына айналды
Ж.Таймағамбетов: «Мәңгілік ел» идеясы Қазақстан халқы салтанатының жаңа символына айналды
«Біздің республикамыз Тәуелсіздік алғаннан бері қазақстан жолы деп аталатын бірегей жолмен шарықтады. Бүгінде оған біраз жыл ішінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған «Мәңгілік ел» идеясы ерекше мән береді» - деді сарапшы.
Ж.Таймағамбетов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы идеяны алғаш рет 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс барысында айтқанын еске салды.
Ж. Таймағамбетов айтып өткендей, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізін қалайтын жалпы ұлттық құндылықтарды нақты тұжырымдады. Бұл тәуелсіздік, ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім, индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы.
Профессордың пікірі бойынша, «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы бірнеше бағыттың «Мәңгілік ел» идеясына арналғаны кездейсоқ емес. Патриоттық акт жобасын құру және «Мәңгілік ел» құндылықтарын мектептегі білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына енгізу бойынша нақты міндеттер қойылған.
«Осы міндеттер тұрғысында әрқайсымыздан осы шешімдердің жауапкершілігі мен маңыздылығын, Мемлекет басшысы қоятын бастамалардың маңыздылығын ұғыну талап етіледі. Бүгінгі күні «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы күнделікті өмірдің барлық салаларына өтеді. Оның іргелі негіздерінде жаңа тұжырымдамалық және стратегиялық бағдарламалар, жобалар әзірленіп, енгізілуде», - деді сарапшы.
«Біздің халқымыз мемлекеттілік, тіл, мәдениет сабақтастығын қамтамасыз ете отыра, мыңжылдық азапты жолдан өтіп, аман қалды және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі дана саясатының арқасында біз «Мәңгілік ел» ұлы идеясын жоғалтпай, болашаққа апаратынымызға сенеміз», - деп түйіндеді Ж. Таймағамбетов.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»