• Басты
  • 10 жыл ішінде Мажарстан Қазақстан экономикасына 100 млн доллар инвестициялады
17 Қазан, 2016 13:41

10 жыл ішінде Мажарстан Қазақстан экономикасына 100 млн доллар инвестициялады

ҚР экономикасына құйылған мажарлық инвестицияның жалпы көлемі 2005-2015 жылдары 103,5 млн долларды құрады. Бұл туралы Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында мәлім болды.
10 жыл ішінде Мажарстан Қазақстан экономикасына  100 млн доллар инвестициялады

«Соңғы 11 жылда инвестицияларға қатысты мақсатты жұмыс аясында Қазақстан 222 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты. Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Қазіргі кезде екі ел арасында стратегиялық кеңес, экономикалық әріптестікке байланысты үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес, сондай-ақ ауылшаруашылығы жобаларын қаржыландыруға байланысты бірлескен қор құрылған. Қазіргі кезде оның көлемі 40 миллион долларға жетіп отыр.Мажарстан 2005 жылдан бері Қазақстанға 103,5 миллион доллар тікелей инвестиция салған.2016 жылдың бірінші жарты жылдығында екі ел арасындағы екіжақты айналым өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 88 млн еуроға жеткен.  

Т.Жақсылықов айтып өткендей, 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 алаңына айналады. Мажарстан белсенді қатысушылардың бірі болмақ. Ол сондай-ақ, ЭКСПО көрмесін өткен соң аталмыш алаңдар «астана» ХҚО-ға беріледі.

«Біз инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін ашпақпыз, 2018 жылы Астанада халықаралық арбитраж сотын Дубай үлгісінде ашу қарастырылған», - деді ол.

Вице-министр Қазақстандағы жекешелендіру туралы айтып өтті.

«Мажарстанның іскерлік тобын жекешелендіру үрдісіне белсенді қатысуға шақырамыз.  Біз де инвестициялық қолдауды толық жүзеге асыруға дайынбыз», - деді Т.Жақсылықов.

Айта кетейік, бизнес форумның мақсаты Қазақстан мен Мажарстанның іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар шеңберінде фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика, АКТ сияқты секторларды және басқа да салаларды танытатын мажарстан компаниялар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар