Гаагалық кодекс ережесі ядролық қаруды таратпауда маңызды – СІМ

17 Қазан, 2016 16:17
Қазақстан 2016-2017 жылдарға арналған баллистикалық зымырандарды таратуға қарсы Гаагалық кодекс ережесі режиміндегі төраға ретінде ГКЕ қолдау шарасына қатысты.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, шараның басты мақсаты ГКЕ-ге халықаралық қауымдастық назарын тарту болып табылады.

Өзінің баяндамасында  БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов  ГКЕ-нің халықаралық әдістегі бұқраралық жоюға арналған қаруды таратпаудағы  маңыздылығын  атап өтті.

Сондай-ақ, шараның қатысушылары Қазақстанның ГКЕ төрағалығы ретіндегі басымдылығы мен жоспарлары туралы айтып өтті.

Кездесу аясында баллистикалық зымырандарды таратудың  мәселелері  бойынша кеңейтілген ақпарат таныстырылды. Шараға БҰҰ мүше мемлекеттері мен ҮЕҮ халықаралық және академиялық мүшелері қатысты.

СІМ хабарлағандай, Гаагалық кодекстің басты мақсаты сенм, ашықтық және қауіпсіздік шараларын күшейту. Кодекске 138 ел қатысады. Қазақстан ГКЕ-ге 2005 жылдың шілдесінде қосылды.

Барлық жаңалықтар