• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бразилияда Қазақстанға Дүниежүзілік тау-кен конгресінің эстафетасы табысталады

Бразилияда Қазақстанға Дүниежүзілік тау-кен конгресінің эстафетасы табысталады

17 Қазан, 2016 15:36
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберінде 2018 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығы эстафетасының Қазақстанға салтанатты түрде табысталуы өтеді.

2016 жылғы 18-21 қазан аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) XXIV World Mining Congress & Expo 2016 (WMC) 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдық пен технологиялардың мамандандырылған көрмесі өтеді. Оқиғаға әлемнен 4500-ден астам маман қатысады.

Оқиға шеңберінде 21 қазанда Қазақстанға 2018 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығы эстафетасының салтанатты түрде табысталуы өтеді. Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, сондай-ақ ірі бейінді ТМК компанияларының өкілдері кіреді, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.  

«2018 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік тау-кен конгресінің өткізілуі, ең алдымен, тау-кен саласының инвестициялық әлеуетін ашуға, әлемдік компаниялар мен юниор-компанияларды тартуға ықпал етеді. Астанада АММ тау-металлургия конгресі жеті рет өтті және бізде мұндай ауқымдағы халықаралық іс-шараларды өткізуде жақсы тәжірибе жинақталған», - деді ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Қазақстандық делегация әлемдік тау-кен компанияларының, сондай-ақ тау-кен институттары мен университеттерінің басшылығымен екіжақты кездесуге қатысатыны және оның аясында ықтимал бірлескен жобалар мен ғылым саласындағы өзара іс-қимыл талқыланатыны атап өтіледі. Сондай-ақ, ДТК ХҰК жабық отырысы өтеді, онда Қазақстанның ТМК әлеуеті және 2018 жылғы ДТК-ге дайындық кезеңдері таныстырылады.  

Одан басқа, қазақстандық делегацияның Рио-де-Жанейроға сапарының мақсаты халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанға әлемдік тау-кен бизнесі мен ғылымды тарту болып табылады.  

Еске сала кетейік, 2013 жылы Монреалда 23-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі (World Mining Congress 2013) өткен болатын, оның күн тәртібі тармақтарының бірі Қазақстан Республикасының 2018 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізуге өтінім беруі болған еді. Конгрестің Ұйымдастырушылық комитетінің мүшелері Қазақстанның өтінімін қолдауға бірауыздан дауыс берді.

Барлық жаңалықтар