• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы СҚО-ның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 114,1 млрд теңгені құрады

2016 жылы СҚО-ның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 114,1 млрд теңгені құрады

17 Қазан, 2016 20:43
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 114,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (63,6%) болып табылды, оның көлемі 72,6 млрд теңгені құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы – 39,4%, өнеркәсіп – 20,9%, көлік және қоймалау – 19,1% - басым салалар болып табылады.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді, үй шаруашылықтары секторын қоса) қолданыстағы бағада 131,5 млрд теңгенің өнімі, немесе 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке 100,5% өндірілді.Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 71,4% алатын өңдеу өнеркәсібінде 93,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

 

Барлық жаңалықтар