• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қытай екі ел арасында жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беру жүйесін құрады

Қазақстан мен Қытай екі ел арасында жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беру жүйесін құрады

15 Қазан, 2016 15:12
Ухань (ҚХР) қаласында Қазақстан-қытай үкіметаралық ынтымақтастық комитеттің жанындағы көлік ынтымақтастығы жөніндегі кіші Комитетінің оныншы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ИДМ Көлік комитеті.

Кіші Комитетінің отырысы барысында Қазақстан тарапынан тең төраға етуші – ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Берік Камалиев Еуразиялық трансконтиненттік дәліздердің жаңа архитектурасынын қалыптасуы және Қазақстан мен Қытайдың көліктік-логистикалық инфрақұрылымының интеграциясының белсенді процесі туралы баяндады.  

Сонымен бірге, биыл қыркүйек айында Ханчжоу қаласында (ҚХР) G20 Саммиті шеңберінде екі ел Үкіметтері арасында көлік саласын дамытуға қатысты құжаттарға қол қойылған болатын.  Осыған орай, Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайтатын «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты бойынша Ынтымақтастық жоспарына және «Ұлы Жібек Жолының экономикалық белдеуі» құрылысына арнайы тоқталды.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастық ережелері бөлігіндегі аталған Жоспарды іске асыру тетігін толық әзірлеу мәселесін қарастыруға келісті.

Көлік ынтымақтастығы жөніндегі кіші Комитеттің отырысы барысында вице-министр Б.Камалиев ҚХР Көлік министрінің орынбасары Лю Сяоминьмен бірлесіп, Халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат жүйесін құру туралы Хаттамаға қол қойды.

Аталған Хаттамаға сәйкес, өзара тиімді негізде екі тарап арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалдары толық реттеледі. Сонымен қатар,  Хаттаманың нормалары соңғы пункттерге дейін ҚХР аумағы арқылы отандық тасымалдаушылардың жүруін қамтамасыз етеді және қолайлы жағдайлар жасайды.

 

Барлық жаңалықтар