Астанада 40-тан астам донор жыл сайын өтеусіз қан тапсырады

14 Қазан, 2016 19:57
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының деректеріне сәйкес, Астанада жылына 40-тан астам донация жүзеге асырылады. Соңғы бес жыл ішінде өтеусіз қан тапсыратын донорлардың саны тұрақты түрде ұлғайған. Астаналық қан орталығына күніне 100-ге жуық адам келеді, деді донор кадрларды жиынтықтау бөлімшесінің меңгерушісі Светлана Скорикова.

«Күніне жүзге жуық адам келеді. Өткен жыл қорытындылары бойынша 46 мыңға жуық донация жүзеге асырылған. Негізінен ол өтеусіз донациялар – 80%-ға жуық, бірақ ақылы қан тапсыру да орын алады. Оларға біз жасуша донорларын тартамыз. Яғни бұл жерде жеке деректері, денсаулығының жағдайы маңызды. Олар 20 жастан 40 жасқа дейінгі ерлер және сирек топқа жататын донорлар. Ақы төлеу жүйесі «Донорлардың төлемдері туралы» Үкімет қаулысымен регламенттелген және донация түріне және тапсырылған қан мөлшеріне байланысты. Біз өнімді медициналық ұйымдардың қажеттіліктеріне сәйкес дайындаймыз. Соңғы бес жыл ішінде донорлар саны тұрақты түрде ұлғайды. Сондай-ақ ақылы донор болудың төмендеуі де байқалады», - деді С. Скорикова.

«Инфодонор ақпараттандырылған жүйесі біздің орталығымызда 2010 жылдан бастап енгізілген. Ол адами фактормен байланысты қауіпті жоюға және қолмен толтырылатын құжаттаманы барынша азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, енгізілген штрих-кодтау жүйесінің де рөлі бар. Әрбір донорға карта ашылған, донор болуға қарсы көрсетілімдері бар донорлар дерекқоры мен адамдар дерекқоры қалыптастырылған. Бүгінгі күні ол 500 мыңға жуық адамды құрайды. Қарсы көрсетілімдері бар адамдар тіркелу процесінде автоматты түрде алынып тасталады», -деп түсіндірді Светлана Скорикова.

«Алғашқы қан үлесі зертханалық зерттеуге тапсырылады. Қалған 500 мл көлеміндегі қан арнайы пакетке салынып, өңдеуге жіберіледі», - деп түсіндірді Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы директорының орынбасары Сәния Әбдірахманова.

Барлық жаңалықтар