Степногорде жасылдандыру аясында 150 көшет отырғызылды

15 Қазан, 2016 12:07
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында Степногорде қаланы жасылдандырудың онкүндігі басталды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Биыл  отырғызылатын жасыл-желектің қатары екі есеге артады. Емен, қарағай, терек ағаштары отырығызылды, олар күздің салқын суығын көтере алатын өсімдіктер.

ТКШ бөлімінің мәліметінше, онкүндіктің алғашқы күндері  жүздеген көшет отырғызылды.

«Жасылдандыру бастамасына алғашқы болып әсер еткен «Степногорск Энергокомплекс»  ЖШС болды, колледж  стуенттерімен бірлесіп 150 көшет Республика даңғылында отырғызылды. Қалалық аурухана мен емхана қызметкерлері  аурухана қалашығын жасылдандырды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, ағашты егу бойынша жұмысқа қаланың белсенділері, соғыс және еңбек ардагерлері де атсалысты. 

Барлық жаңалықтар