- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АКМ БАҚ мәселелеріне қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша тұжырымдама әзірледі
ҚР АКМ БАҚ мәселелеріне қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша тұжырымдама әзірледі
Тұжырымдама отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамыту мен арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары, телерадиохабарландыру, байланыс және ақпарат мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
«Тұжырымдама ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген заң шығармашылығы жұмысының 2016-2020 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарын орындау шеңберінде әзірленген. Технологияның жылдам дамуы және бұқаралық ақпараттың таралуы ақпараттық саладағы қоғамдық қатынастарға сөзсіз әсер етеді. Бұл заң жобасының жаңа құқықтық қатынастарға құқықтық негіз беру, сондай-ақ отандық БАҚ пен ақпараттық құқықтық ынталандыру мақсатында қолданыстағы құқықтық нормаларды жетілдіруді жалғастыру міндеттерін білдірді», - деді вице-министр.
Тұжырымдама шеңберінде 4 кодекске, атап айтқанда, бюджет, салық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және кәсіпкерлік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
«Болашақ заң жобасында БАҚ және теле-, радиохабарландыру блогы бойынша осы бағыт бойынша азаматтардың ақпараттық саладағы құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін шешу ұсынылады, құқықтық жағдайлар жасай отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа ашық қолжетімділік құқығын пайдалану мүмкіндігін кеңейту көзделеді», - деп түсіндірді вице-министр.
Сондай-ақ, «баланың жасына сәйкес келетін ақпарат» түсінігін заңнама түрінде бекіте отырып, балаларды денсаулыққа, адамгершілік және рухани дамуға зиян келтіретін ақпараттан қорғаудың құқықтық жүйесін енгізу де көзделеді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары мен байланыс операторларына интернет-трафикті сүзгіден өткізу қызметтерін ұсыну бойынша талап қою көзделеді.
Осылайша, заңнамадағы өзгерістер шеңберінде БАҚ-қа түсетін құқықтық жүктемені оңайлату, балалардың олардың суреттері мен дербес деректерін сақтау құқықтарының сақталуы үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ құқықтық реттеу саласына БАҚ жаңа түрлерін енгізу, «баспасөз қызметі» және «баспасөз хатшысы» түсініктерін енгізу арқылы мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы өзара іс-қимыл үшін жағдайларды жетілдіру, заңнамаға БАҚ-тағы жарнама бөлігінде өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты