- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ кейбір функциялары бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі
ҚР ДСӘДМ кейбір функциялары бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі
Ол халықты қанағаттандыратын бәсекеге қабылетті және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру үшін ҚР ДСӘДМ денсаулық сақтау саласындағы кейбір мәселелерді бірлесіп шешуге кәсіби медициналық қауымдастықтарды тартатынын атап өтті.
Елжан Біртанов әлемде кәсіби медициналық қауымдастықтар денсаулық сақтау саласын дамытуда негізгі рөл атқаратынын, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ҚР ДСӘДМ кейбір функцияларын кезең-кезеңмен кәсіби медициналық қауымдастықтарға беру медициналық қызмет көрсетудің клиникалық және экономикалық тиімділігін, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екендігін, клиникалық хаттамалар мен стандарттарды әзірлеу бойынша функцияларды беру үшін кәсіби медициналық қауымдастықтардың 204 өкілі оқытылғанын, клиникалық хаттамаларды әзірлеу процесіне кәсіби медициналық қоғамдық ұйымдардың 105 өкілі тартылғанын айтты.
Іс-шара барысында «Республиканский союз независимых экспертов в секторе здравоохранения» ЗТБ, «Национальная палата здравоохранения» ЗТБ, «Республиканская медицинская палата» ҚБ, Казахская медицинская ассамблеясы басшылары және т.б. талқыланып отырған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді
Шара қорытындысы бойынша медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға, оның клиникалық және экономикалық тиімділігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде қарар жобасы қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 82 қадамын орындау мақсатында 2015 жылдың 30 қарашасында Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, кәсіби медициналық бірлестіктер өкілдері кірді. Комиссияны құрудағы негізгі мақсат - емдеу хаттамаларын, медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру арқылы медициналық қызмет көрсетудің үздік стандарттарын енгізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен олардың сапасын бақылау. Бұл мақсатта Комиссияны өзін өзі реттейтін ұйымға өзгерту жөнінде Жол картасы жасалып, бекітілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы