• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР БҒМ ғылыми жобалар мен бағдарламалардың бюджеттік қаражатының бірыңғай әкімшісі болады

ҚР БҒМ ғылыми жобалар мен бағдарламалардың бюджеттік қаражатының бірыңғай әкімшісі болады

14 Қазан, 2016 17:48
Бейінді министрліктер мен ведомстволардан зерттеулерді қаржыландыру мен үйлестіру өкілеттіктерін ҚР БҒМ-ге беру арқылы оны ғылыми жобалар мен бағдарламалардың бюджеттік қаражатының бірыңғай әкімшісі етіп тағайындау жоспарланып отыр, деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин ҚР Әділет министрлігіндегі ҚР БҒМ әзірлеген Ел заңнамасына ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына тұжырымдама қаралған және мақұлданған ведомствоаралық комиссия отырысының барысында.

«Біз ғылым бағыты бойынша ғылыми кеңестер құруды, ғылыми кеңестердің құрамы мен ережелер тізбесін бекітуді Үкімет құзыретінен алып, уәкілетті орган ретінде ғылыми кеңестер ұйымдастыруды ҚР БҒМ құзыретіне беруді ұсынамыз», - деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр ғылыми кеңестердің зерттеу бағдарламаларын қаржыландыруды азайту және тоқтату бойынша шешімдер қабылдау принциптері мен қағидаларын регламенттеу қажеттілігін атап өтті. 

«Ведомство ғылымды қаржыландыруды 4 бағытқа бөлуді ұсынады. Мониторинг нәтижелері бойынша бюджет заңнамасының бұзылуымен тиімсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке қайтару міндеттемесін қоса алғанда, тапсырыс беруші мен орындаушының жауапкершілігін көздеу", - деді вице-министр. 

Қазіргі уақытта бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру мерзімі кешіктірілуде, бұл ғылыми зерттеулерді іске асыру процесіне қауіп төндіреді. 

Одан басқа, А. Амрин нормалар мен принциптердің бұзылуын анықтау және алдын алу үшін қолданыстағы ғылым туралы заңнамада ғылыми этика түсінігі толық ашылмайтынын, «Ғалымдардың қара тізімі» деген түсінік енгізу жоспарланып жатқанын атап өтті. 

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар