• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Арменияның Премьер-Министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Арменияның Премьер-Министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

14 Қазан, 2016 16:12
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу аясында Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік жүк қатынасы, инвестициялар, туризм және 2017 жылы Қазақстан-Армения бизнес форумын өткізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Б. Сағынтаев пен К. Карапетян ЕАЭО аясында алдағы өзара іс-қимылды қарады.

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ереванға барды. 

 

 

Барлық жаңалықтар