- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда egov көмегімен жыл сайын 1 трлн доллар үнемдеуге болады
Қазақстанда egov көмегімен жыл сайын 1 трлн доллар үнемдеуге болады
Сарапшының айтуы бойынша, Қазақстанда мұндай бастаманы іске асыру үшін негіз бар.
«Сіздерде мемлекет азаматтар үшін үлкен жұмыс жасап жатыр. Мысалы, Австралияда салық декларациялары алдын ала толтырылған, олар кәсіпкерлерге, бизнеске, азаматтарға жіберіледі. Ақпаратты ғана түзету қалады. Осының арқасында мемлекеттік бюджетке ақша қайтару әлеуеті анағұрлым анық бола бастайды. Қайтару сомаларын жоспарлаған оңай, төлем мерзімі қысқа болады», - деді Н. Панина.
«Дүниежүзіндегі жағдай тұрақсыз, экономикалық өсу жыл сайын мемлекеттің бюджеттік моделіне салынады, зейнетақы төлемдері ауқымды бөлікті құрайды. Азамат туралы ақпараттың толықтығы мен жоспарланатын төлемдер көлемі өте маңызды. Белсенді сервистер «көпір» рөлін атқарады. Бұл мемлекеттің экономикалық моделін анағұрлым тұрақты етеді», - деп қосты Н. Панина.
Сонымен бірге, сарапшы бейінді министрлік – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, азаматтар үкіметі осы идеяны жастармен бірлесіп іске асыра алатынын ерекше атап өтті. Ол инновациялық тұрғыда дұрыс идеялар ұсынатын қоғамның бастама жасайтын бөлігі жиі дәл осы студенттер болып табылады деп санайды.
«Көптеген елдер қазір құзырлы орталықтар құру жолымен келе жатыр. Болгарияда университеттер негізінде осындай екі құзырлы орталық ұйымдастырылуда. Біз Астанаға да осындай орталықтарды ұйымдастыруды тілейміз. Бұл қоғамның ең ілгері дамыған бөлігі», - деп түйіндеді Н.Панина.
Қорытындылай келе, Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі мемлекеттік сектор бойынша бас менеджер McKinsey & Company ақпаратына сілтеме жасай отырып, мемлекеттерді цифрлеудің арқасында жыл сайын 1 трлн доллар үнемдеуге болатыны және «Қазақстанның ол үшін барлық мүмкіндігі бар» екені туралы пікір айтты.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар