- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Ермекбаев: Қазақстандық қоғам елде салафизмнің таралуына жол бермеуге қабілетті
Н. Ермекбаев: Қазақстандық қоғам елде салафизмнің таралуына жол бермеуге қабілетті
Қоғамда бүгінгі күні салафизмге тыйым салуды қолдау туралы және оған қарсы пікірлер айтылып жатыр, осыған орай, Н. Ермекбаев дін саласындағы уәкілетті орган ретінде министрліктің салафизм діни ағымына қатысты ұстанымын айтты.
«Министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені толық зерттеуде, Қазақстанда бүгіннің өзінде 23 террористік және экстремистік ұйымдарға тыйым салынғанын атап өткім келеді. Салафизм ұйым емес, ол діни ағым, көзқарастар жүйесі. Қолданыстағы заңдар бүгінде бізге заңсыз уағыздауды, заңсыз діни жиналыстарды тоқтатуға және радикалды діни әдебиеттерді таратуға жол бермеуге мүмкіндік береді, олардың орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деп мәлімдеді министр.
Ведомство басшысы елімізде дінді жосықсыз мақсаттарда пайдалану әрекеттерін тоқтату бойынша шаралар белсенді түрде қабылданатынын атап өтті. Осыған байланысты, министрлік экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі кешенді іс-шараларды жетілдіруге және діни қатынастағы субъектілердің барлығының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын сақтауының маңыздылығына баса назар аударуға барынша күш салады.
Ведомство басшысы бүгінгі таңда салафизм сырттан келген діни идеология болып табылатынын, сондықтан, министрліктің одан арғы жұмысы салафизм идеологиясын насихаттайтын әдебиеттің, интернет-сайттар жұмысының таралуына және ұйымдардың пайда болуына жол бермеуге бағытталатынын атап өтті.
«Қазақстандық қоғам жалпы радикализмге әкелетін осы діннің жат түсінігіне теріс көзқараспен қарайды, көбінесе осыған орай салафизмді ұстанушылар санының азаюы байқалады және Қазақстанда олардың ұйымдасқан құрылымдары жоқ. Қажет болған кезде біз Қазақстанның рухани басқармасына дінге сенетін адамдардың барлығының мешіттердегі белгіленген тәртіп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдесеміз», - деп түйіндеді министр.
Жақын уақытта құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмысы үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтейік: біріншісі - дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, соның ішінде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау, азаматтың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету, үшіншісі – мемлекеттік жастар саясаты.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады