• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда стартап жобаларды іске асыруға арналған бизнес-инкубаторлар іске қосылды (ФОТО)

Алматыда стартап жобаларды іске асыруға арналған бизнес-инкубаторлар іске қосылды (ФОТО)

14 Қазан, 2016 15:49
«Тұран» университетінің 7 стартап-жобасы Алматыда өз студенттерінің бизнес-идеяларын іске асыру үшін алғаш рет ашылған жаңа бизнес-инкубаторына орналастыру мүмкіндігін алды.

Алматы қаласының әкімдігінде 500-ден астам студент қатысқан конкурстың 7 жеңімпазы жабдықпен толық жарақтандырылған үй-жай, сондай-ақ бастапқы капитал алды. Енді жаңа бизнес-инкубаторда «Turan-Lingua» медиа-лингвистика проблемалары зертханасы, «Silence digital Turan» 3D форматындағы бейне өнімін шығару орталығы, «Turan Consulting» заңгерлік клиникасы, «Turan ProHouse» студенттеріне арналған хостел, Turan Spro сублимациялық өнім өндірісі, «Turan Nomads» туристік фирмасы және «Action» режиссерлік ойын шеберханасы жұмыс істейді.

«Біздің жобамыз халықтың әлеуметтік осал топтарына, жаңадан бастаған кәсіпкерлерге заңгерлік қызметтер көрсету үшін арналған. Қазіргі уақытта 12 жоба бойынша, соның ішінде шарттар, заң қорытындыларын әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Одан басқа, біз клиенттерді азаматтық істер бойынша сотта толық заңгерлік сүйемелдеуді бастауды жоспарлап отырмыз», - деді 3 курс студенті, заңгерлік клиника консультанты Әлібек Қаниев.

Соңғы уақытта «Тұран» инновациялық-кәсіпкерлік үлгідегі өзгеріске бағыт алғанын атап өтейік, бұл Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес келеді.

Әкімдікте университет ұжымы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыру жоспарларын ескере отырып, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі ұлттық жобаның белсенді қатысушысына айналғанын атап өтті. Яғни, осылайша, ұжым «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 88-қадамын іске асыруда. 

Барлық жаңалықтар