- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер жалақаны жаңа жүйе бойынша алады (ФОТО)
2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер жалақаны жаңа жүйе бойынша алады (ФОТО)
«2018 жылы еңбек ақысын төлеу әдісінің бірі факторлық-ұпайлық шкала болады. Әрекеттегі тарифтік тордан факторлық-ұпайлық шкала төлем жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Айгүл Шаимова.
Оның айтуынша, шкаланы қалыптастыру 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады. Жұмыстың қорытындысы бойынша жауапкершілікті көтеру бойынша әрбір мемлекеттік қызметкердің қызметін бағалау жүйесі енгізілді. Мәселен, «А» корпусының қызметкерлерін бағалау жыл сайынғы келісімді жүзеге асыруға негізделген. Биылғы жылдың желтоқсанында корпусанттарды алғаш рет бақылау өтеді. «Б» корпусының қызметкерлері жеке жоспарды жүзеге асыру арқылы тоқсандық бойынша жүзеге асырылады. Биыл екі бағалау өткізіліп, қорытындылар анықталды.
Шаимованың айтуынша, 64,5 мың мемлекеттік қызметкер бағаланды. Қорытындысында «өте жақсы» бағаны қызметкерлердің 63 пайызы, «жақсы» бағасын 11 пайызы, «қанағаттанарлық» бағасына қызметкерлердің 26 пайызы ие болды.
Айта кетейік, Сенатта Әділет министрі Марат Бекетаевтың, мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңын жүзеге асырудың қорытындысы талқыланды.
Заңнаманы меңгеру деңгейі өсіп, тестілеуден өткен 38 мың адамның ішінде 46 пайызы оң бағаға ие болды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 12 пайызға жоғары.
Жеке қасиеттер бойынша мемлекеттік қызметке үміткер 20 мың адам өтті. Әңгімелесуден 18,5 мың адамның 12 мыңы өтті.
Айта кетейік, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына Елбасы өткен жылдың 23 қазанында қол қойған болатын. Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.
Сурет: Шыңғыс Қаппаров
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады