- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауылдық емхана ашылады
Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауылдық емхана ашылады
Спикердің айтуынша, 1990-1995 жылдары ауданда 9 дәрігерлік амбулатория, 36 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істесе, бүгінгі күнде 17 дәрігерлік амбулатория мен 6 фельдшерлік акушерлік пункт және 18 медициналық пункт жұмыс істейді.
Аудандық емхана мен дәрігерлік амбулаторияларда күндізгі емханалар 62 төсекке ашылса, қазіргі кезде күндізгі төсектердің саны 71 төсекке жетті. 1991 жылдары аудандық аурухана бюджеті 2 млн. 410 мың теңгені құраса, бүгінгі күнге бюджет көлемі 1 733 604 млн. теңгені құрап отыр.
1991 жылдары емдеу мекемелерінің бірде-бірі компьютермен жабдықталмаған болса, бүгінгі күнде аурухана және оның құрамындағы амбулаторияларда интернет желісіне қосылған 172 компьютер бар. 1991 жылдары аудан орталығында 1 жедел жәрдем бөлімшесі, құрамында 1 фельдшерлік бригада жұмыс істейтін болса, бүгінгі күнде 5 жедел жәрдем бөлімшесі, 7 фельдшерлік бригада ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Жедел жәрдем бөлімшелерінің фельдшелері 1991-1992 жылдары 3 780 шақыруларға медициналық қызмет көрсетсе, 2015-2016 жылдары 19 591 шақыруға дейін медициналық қызмет көрсетті.
Материальдық-техникалық базаны нығайту мақсатында аудан аумағында біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда Талас, Аққия, Көкөзек медициналық пунктері, Жаңатұрмыс, Ақжар, Көктал дәрігерлік амбулаториялары, аудандық туберкулез қарсы ауруханасы салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Бурыл ауылында 40 қабылдауға арналған ауылдық емхана құрылысы аяқталып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазан айында ашылуы жоспарлануда.
2000 - 2016 жылдары жаңа заманауи құрал-жабдықтар: фиброгастроскоп, ультрадыбыстық аппарат, тредмил-велоэргометр, электро-энцефалограф, 12 каналды ЭКГ аппараттар мен флюорографиялық аппараттар халыққа қызмет көрсетіп отыр, - деп мәлімдеді Мұратхан Шүкеев.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ