• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 332 млрд.теңгеге өсті

Қостанай облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 332 млрд.теңгеге өсті

14 Қазан, 2016 11:52
Қостанай облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 332 млрд.теңгеге өсті, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Байбосын Мурзин.

Тәуелсіздік жылдары Қостанай облысы жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді, атап айтқанда, аграрлық және өнеркәсіптік секторда, тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік салада.  

«25 жылда 4,5 млн. ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Алдағы 2 жылдың ішінде 90 мың. ш.м. аланымен 21 үй салынатын болады. Сонымен қоса Тәуелсіздік жылдары облыстың білім беру және денсаулық сақтауының бюджеті 15 есе, мәдениеттің – 9 есе және спорттың – 63 есе өсті», - деп облыс әкімінің орынбасары С.Карплюк мәлімдеді.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мурзин облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуының оң серпінің, 25 жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 332 млрд.теңгеге өскендігін, биылғы жылғы егінді ескергенде 106 млн.тоннадан астам астық жиналғандығын атап өтті.

Ағымдағы жылы 400 жаңа жұмыс орын жасай отырып, жалпы сомасы 7 млрд. теңгеге 24 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр (бүгінгі күні 18 жоба енгізілді).

Байбосын Мурзин, 15-16 қазанда Астана қ. әкімдігінің жанындағы алаңда «Қазақстанда жасалған» ауылшаруашылық өңімдерінің жәрмеңкесі өтетіндігін еске салды. Онда Қостанай облысының тауар өндірушілері 360 тонна көлемде 100 астам өнімді ұсынатын болады: малдың барлық түрлерінің еті - 53 тонна, көкөніс пен картоп – 180, сүт өнімдері – 14, шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар - 10, жарма және макарон өнімдері – 15, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер – 13, жұмыртқа – 250 мың дана, ұн – 45 тонна.

2 күн бойы облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 74 кәсіпорны ауыл шаруашылығының сапалы және табиғи өнімдерін өткізеді.

Сонымен бірге, 14 қазан күні ҚР Ұлттық мұражайында Қазақстанның үш халық ақындарының шығармашылық кеші өтеді - Әсия Беркенованың (Қостанай облысы), Әселхан Қалыбекованың (Оңтүстік Қазақстан облысы) және Қоңысбай Әбілдің (Астана қ.). Өнер сүйер қауым ақындардың жаңа туындыларын, қазақ халқының мәдени мұрасы туралы диалогын тамашалай алады.

Барлық жаңалықтар