- Басты
- Жаңалықтар
- ӨДМ Астана қаласы және оның аймақтарының жерлерін пайдалану бойынша тексерістің нәтижесін ұсынды
ӨДМ Астана қаласы және оның аймақтарының жерлерін пайдалану бойынша тексерістің нәтижесін ұсынды
«ҚР ӨДМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Б. Смағұловтың Астана қаласы және оның қала маңы аймақтарының жерлерін пайдалану мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша тексерістің қорытынды баяндамасын оқыды», - делінген хабарламада.
Б. Смағұловтың мәліметінше, ауыл шаруашылығы үшін және коммерциялық объектілердің құрылысына арналған алаңы 14,4 мың га пайдаланылмайтын 645 жер учаскесі анықталды, оның алаңы 2,2 мың га 142 учаскесі ағымдағы жылы анықталды. Оның ішінде алаңы 1,6 мың га 52 учаске сот тәртібінде мемлекет меншігіне қайтарылды.Ал, алаңы 2,9 мың га тағы да 58 жер учаскелерін алып қою туралы талап-арыздар сот органдарының қарауында жатыр.
ҚР ЖК 94-бабына сәйкес алаңы 5,7 мың га 362 жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға осы учаскелерді пайдалану, ол бойынша берілген күннен бастап бір жыл өткен соң олар игерілмесе, мәжбүрлеп алып қою шаралары қолданылатындығы туралы жазбаша ескертулер жіберілді.
Жоғарыда аталған ескертуді алған соң алаңы 2 мың га 31 жер учаскесінің меншік иелері пайдадалануға кірісті.
Алаңы 2,2 мың га 142 учаскелері бойынша игеру заңмен белгіленген мерзімге жеткен жоқ (учаскені алу және сатып алу мерзіміне 2 жыл болған жоқ, мерзімі өткен соң ол бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады).
Астана қаласының қала маңына Ақмола облысының үш ауданы (Аршалы, Целиноград және Шортанды) кіреді, ол Үкіметтің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 71 қаулысымен белгіленген.
Алаңы 222,5 мың 5502 пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды.Оның ішінде алаңы 98,9 мың га 599 учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылды. Алаңы 48,4 мың га 3689 учаскелері иесіз жер ретінде есепке қойылды, есепке қойлған күннен бастап бір жыл өткен соң олар мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.Алаңы 14,1 мың га 140 учаскелері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалды.
ҚР ЖК 94-бабына сәйкес алаңы 23,1 мың га 105 жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға мұндай учаскелерді пайдалану, ол бойынша берілген күннен бастап бір жыл өткен соң олар игерілмесе, мәжбүрлеп алып қою шаралары қолданылатындығы туралы жазбаша ескертулер жіберілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар