- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу аяқталуға жақын (ФОТО)
Қазақстанда «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу аяқталуға жақын (ФОТО)
«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» холдингімен бірлесіп, цифрлық экожүйені дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Сандық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде», - деді Ә. Жиенбаева.
Оның айтуы бойынша, бүгіннің өзінде білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, энергетика, инвестициялар және даму министрліктерінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бес өзгерту кеңсесі құрылған.
«Бағдарлама бағыттарының бірі – мақсаты халық пен бизнесті халық қажеттіліктерін шешуге бағытталған сапалы және қолжетімді мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету болып табылатын проактивті мемлекетке көшу. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл арналарын жақсарту жөніндегі бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарлануда», - деп қосты компания басшысы.
Сондай-ақ, ол қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін цифрлық өзгерту кезеңінен өткен мемлекеттердің тәжірибесін терең зерттеу қажет екенін атап өтті.
«Ақпараттық революция көптеген үкіметтердің азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау модельдері мен өз болжамын қайта қарауына себепші болады», - деп қорытты Ә. Жиенбаева.
Еске сала кетейік, «Сандық Қазақстан- 2020» бағдарламасын жыл соңына дейін бекітіп, 2017 жылы іске қосу жоспарланған еді. Осылайша, бағдарлама ел экономикасы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын және халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартатын цифрлық тұғырнама құруы тиіс. Сондай-ақ, жоба шеңберінде ауылдарға интернет желісін жеткізіп, қамтамасыз ету және осы арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жоспарланғаны туралы да хабарланған.
Ботагөз Айтжанова
Сурет Азамат Әлиев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды