Ақтау құбыр кескіш зауыты жылына 45 тонна болат құбырын өндіреді

14 Қазан, 2016 10:14
Ақтау қаласында Тенарис компаниясының жаңа құбыр кескіш зауытының таныстырылымы және операциялық іске қосу шарасы өткізілді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоба еліміздің мұнай-газ саласындағы қазақстандық мұнай-сервистік компанияларын қолдау, сондай-ақ мұнай өндіру саласындағы ірі жобаларда қазақстандық қамтуды өсіру бойынша белсенді жұмыс атқарып жүрген ҚР Энергетика министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

«Құбыр өнімдерінің әлемдік ірі өндірушісі - Тэнарис компаниясы - 10 жылдан астам Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және NCOC сияқты ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларға өз өнімін жеткізіп келеді.  Министрлік, ҚПО мен Тэнарис  арасындағы келісім бойынша осы зауыттың өнімдері Қарашығанақ кен орнына жеткізіледі. ҚПО-мен ағымдағы келісімшарт ұзартылатын болады (5 жылға, құны 212 млн. АҚШ долл. құрайды)”, - деді М.Мырзағалиев. .

“Осы зауыт басқа да компанияларға құбыр өнімдерін береді деген ойдамыз. Сонымен қатар, Қазақстанда басқа да сапасы жоғары құрал жабдықтар мен тауарлар өндіріледі. Сол себепті, ойлаймыз, біздің басқа операторларымыз ТШО мен NCOC  ҚПО-ның осындай сәтті тәжірибесін бағалап, өз жобаларында «ерте тендер» практикасын қолданса, барлық тараптарға қолайлы болатыны сөзсіз», - деп атап өтті энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Аталған зауытта 40 қызметкер жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорынның жұмыспен толық қамтылған кезде олардың санын 90 қызметкерке дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл жергілікті азаматтардың арасында саны 95% құрайтын болады.

Құны 40 млн. АҚШ долларын құрайтын, жоғары технологиялы зауыт болғандықтан, оның өндірістік қуаты қауіпсіздік техникасы жағынан ең жоғары стандарттарға сәйкес 45,000 тонна премиум сыныпты газ-герметикалық бұрандалы қосылыстармен мұнай-газ кәсіптік сұрыптамасының дайын болат құбырларды құрайтын болады.

Аталған кәсіпорын «ИСО 9001» сәйкес денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша Тенаристің жаһандық саясатқа сәйкес жұмыс жасайтын болады.

 

Барлық жаңалықтар