• Басты
  • «Нұрлы жол» бағдарламасының 11 автожол жобасының құрылысы мен жөнделуі мерзімінде аяқталады – ҚР ИДМ (ФОТОРЕПОРТАЖ)
14 Қазан, 2016 09:52

«Нұрлы жол» бағдарламасының 11 автожол жобасының құрылысы мен жөнделуі мерзімінде аяқталады – ҚР ИДМ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 11 көлік жолы жобаларының 2016 жылға арналған бюджеті 330 млрд теңгені құрайды, соның ішінде 7 ай ішінде 150 млрд теңгеге жуығы игерілген, жыл соңына дейін қаражат толық көлемде игеріледі. Бұл жөнінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында хабарлады.
«Нұрлы жол» бағдарламасының  11 автожол жобасының  құрылысы мен жөнделуі мерзімінде аяқталады – ҚР ИДМ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 17 жобаны іске асыру көзделген, соның ішінде көлік саласында 16 жоба: автомобиль жолдары саласында – 11, темір жол саласында – 2 жоба, су шаруашылығы, азаматтық авиация және логистика саласында – 1 жобадан, сондай-ақ кредиттік тқұрғын үй және үлестік салымдарды қорғау мәселелері бойынша – 1 жоба.

«Нұрлы жол» шеңберінде осы жобаларды іске асыруға 2016 жылы 349,8 млрд  теңге бөлінген, соның ішінде – Ұлттық қордан 171,3 млрд теңге бөлінген. 47 % - 165,9 млрд теңге игерілген, соның ішінде ҰҚ - 73 млрд теңге (43%), 183,9 млрд теңгені игеру қажет, соның ішінде ҰҚ-дан – 98,3 млрд теңге. 

Министр хабарлағандай, 2016 жылға арналған автожол жобаларының бюджеті 329,8 млрд теңгені құрайды, соның ішінде Ұлттық қор – 151,3 млрд теңге.

«Ағымдағы жылғы ақпан – шілде аралығында 145,8 млрд теңге (44%) игерілген. Соның ішінде ҰҚ бойынша - 63 млрд теңге. Жыл соңына дейін барлық қаражат толық көлемде игеріледі. Бүгінгі таңда жобаларда 439 шм асфальт және цемент-бетонды төсем салынған», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Егер әрбір жобаға тоқталсақ, ең ауқымдысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы болып табылады.

Жобаны іске асырудың басталуынан бастап 2 028 шм жұмыс аяқталған және Шымкенттен бастап – Ресей Федерациясы шекарасы (Орынбор) және Тараз – Алматы учаскелерінде қозғалыс ашылды. 2016 жылғы бюджет – 134,2 млрд теңге. 43% - 58,8 млрд теңге игерілген.

Алматы – Қорғас (304 шм), Шымкент – Ташкент (100 шм) және  Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы (81 шм) учаскелерінде жұмыстар жалғасуда, олар жыл қорытындылары бойынша толық аяқталады.

Келесі жоба «Орталық – Оңтүстік» (Астана - Алматы). Осы бағыт бойынша жұмыстар Астана - Теміртау (171 шм) және Алматы - Қапшағай (104 шм) учаскелерінде 2013 жылдан бастап басталған. Бүгінгі күні Астана – Теміртау учаскесінің 12 шақырымы және Алматы – Қапшағай учаскесінің 72 шақырымы пайдалануға берілген. 2016 жылғы бюджет 63 млрд теңгені құрайды. 33% - 20,5 млрд теңге игерілген. 

«Теміртау – Қарағанды – Бурылбайтал – Құрты - Қапшағай (1 013 шм) учаскесін қаржыландыру ХҚДБ, ЕҚДБ қарыздары есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдан бастау жоспарлануда. Жобаның толық аяқталуы – 2021 жыл», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.

«Орталық-Шығыс» 05 автожобасы (Астана - Өскемен) – осы бағыт бойынша жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана - Павлодар (441 шм) және Павлодар – Семей - Қалбатау (473 шм) учаскелерінде жүргізілуде. Бүгінгі күні 218 шм пайдалануға берілген, соның ішінде Астана - Павлодар – 47 шм, Павлодар – Семей - Қалбатау – 171 шм.

2016 жылғы бюджет – 60,5 млрд теңге, соның ішінде 48% - 29,2 млрд теңге игерілген. Жұмыстар 516 шм учаскеде (Астана - Павлодар – 394 шм, Павлодар – Семей – Қалбатау – 122 шм) жүргізілуде. 

Министр айтып өткендей, жыл қорытындылары бойынша Астана – Павлодар учаскесі бойынша 200 шм бір бағыттағы қозғалысты ашу және Ертіс өзені арқылы көпір өткелінің құрылысын (12 шм) аяқтау жоспарлануда. Қалбатау – Өскемен учаскесін (102 шм) қайта құруды 2017 жылы бастау жоспарлануда. Жобаның толық аяқталуы – 2020 жыл.

«Орталық – Батыс» жобасы (Астана – Ақтөбе – Атырау - Ақтау) -  жұмыстар Бейнеу – Ақтау учаскесінде (470 шм.) жүргізілуде, 2014 жылы 200 шм қозғалыс ашылды. Ағымдағы жылы Бейнеу – Ақтау учаскесі бойынша 38,5 млрд теңге бөлінген. 52% - 22,4 млрд теңге игерілген.

«Астана – Арқалық – Торғай – Шалқар - Қандыағаш, Ақтөбе - Мақат және Атырау - Астрахань учаскелері ХҚДБ, АДБ мен ИДБ қарыздары есебінен қайта құрылады. Қайта құру 2017 жылдан бастап жоспарлануда. Жобаның толық аяқталуы – 2022 жыл», - деп атап өтті министр.

Алматы – Өскемен автожолында жұмыстар Қапшағай – талдықорған учаскесінде (141 шм) жүргізілуде. 53 шм пайдалануға берілген.  

2016 жылғы бюджет 9,5 млрд теңгені құрайды. 52% - 4,9 млрд теңге игерілген. Ағымдағы жылы Қапшағай – Талдықорған учаскесінің қалған 88 шақырымында жұмыстар жалғасады, соның ішінде жыл қорытындылары бойынша 64 шм аяқталады.

Министр Талдықорған – Қалбатау учаскесінде жұмыстарды 2017 жылдан бастау жоспарлануда. Жобаның толық аяқталуы – 2021 жыл. 

Астана – Петропавл – РФ шекарасы жолдарында жұмыстар СҚО аумағы бойынша Көкшетау – Петропавл учаскесінде жүргізілуде. 2016 жылғы бюджет – 11,1 млрд теңге, соның ішінде ҰҚ – 8,3 млрд теңге. 49% - 5,4 млрд теңге игерілген, соның ішінде ҰҚ – 3,8 млрд теңге.

Жетібай - Жаңаөзен және Үшарал - Достық жобалары қарыздар есебінен іске асырылады. 2016 жылдың 2-жартыжылдығында қарыз туралы келісімге қол қою жоспарлануда, іске асырудың басталуы – 2017 жыл.  

Қызылорда – Жезқазған - Қарағанды және Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналымы жобалары бойынша инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.  

Осылайша, Ж. Қасымбек ағымдағы жылды есепке алғанда, бағдарламаның іске асырылуының басталуынан бері 1256 шм автожол қайта құрылғаны, оның едәуір бөлігін бетон төсемі бар І техникалық санаттағы жолдар құрайтыны туралы қорытынды жасады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жоспарланған барлық жобалар уақтылы іске асырылуда және министрліктің негізгі міндеттері болып табылады», - деп түйіндеді министр.

Индира Қауметова

Сурет: ҚР ИДМ

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды