- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Көшім: Халық арасында қазақ тілін үйретуді заңнамалық түрде күшейте аламыз (БЕЙНЕ)
Д.Көшім: Халық арасында қазақ тілін үйретуді заңнамалық түрде күшейте аламыз (БЕЙНЕ)
Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» кешендік шарасын ұйымдастырды. Шара орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы мен Астана, Алматы қалаларында жүргізілді. Шараның мақсаты -орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Кездесулер мен мәслихаттар, дөңгелек үстелдер барысында Қазақстанда тұратын этностар арасындағы бірлік, жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі және ғылым мен жаңа технология саласындағы мәселелер талқыланды.
Шараға қатысқан жарқын тұлғалардың бірі- қоғам қайраткері, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім.
Оның айтуынша, орыстілді азаматтардың арасында қазақ тілін үйрету жұмысын күшейту үшін мемекеттік тіл туралы жаңа заң қажет.
«Біз бүгін орыстілді халық арасында үшжылдық жұмысты қорытындыладық. Бұл мемлекеттік тілді түсіндіру әрі насихаттау. Қоғамда қалыптасып қалған ұстанымдар мен терминологияны түсіндірдік. Жағдай оңалып келеді. Мәселен, батыс және оңтүстік өңірлерде қазақ тілі барлық салада қолданылады. Бүгін балалардың болашағын ойлау керек», - деді Д.Көшім.
Саясаттанушы айтып өткендей, нарық экономикасы мен бәсекелестік екі немесе үш тілді білуді қажет етеді.
«Көптеген мекемелерде, банктерде жұмысқа екітілді адамдарды алады. Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қажет. Халық арасында қазақ тілін үйретуді заңнамалық түрде күшейте аламыз», - деді Д.Көшім.
Ботагөз Айтжанова
Бейне: Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады