• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж.Асанов: Бас прокуратура жыл соңына дейін үлестік құрылыс бойынша барлық қылмыстық істерді сотқа тапсырады

Ж.Асанов: Бас прокуратура жыл соңына дейін үлестік құрылыс бойынша барлық қылмыстық істерді сотқа тапсырады

13 Қазан, 2016 17:56
Бас прокуратура жыл соңына дейін іскерлік құрылыс бойынша барлық қылмыстық істерді сотқа тапсырады, деді Бас прокуратурада алқа мәжілісі барысында Бас прокурор Жақып Асанов.

Алқа жұмысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Жоғарғы Соттың өкілдері, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, Астана қаласының әкімдігі, қоғамдық ұйымдар мен құрылыс компанияларының басшылары қатысты.

Бас Прокурор соңғы жылдар ішінде жосықсыз құрылыс салушылар мен алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен 9 мыңнан астам үлестік құрылысқа қатысушы зардап шеккенін, 59-дан астам объектінің құрылысы аяқталмаған күйінде қалғанын атап өтті.

Құқық қорғау органдары тағы да тергеумен айналысуда. Бұл өте ауқымды жұмыс. Мыңдаған адамдардан жауап алып, ондаған сараптама тағайындау керек. Бір үйдің немесе компанияның үлескерлері арасында бірыңғай пікір жоқ болған жағдайда қиындықтар туындайды. Ал олай болмаса жедел тергеу жүргізу мүмкін емес.

2016 жылдың 10 қазанында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа Заң қабылданды. Енді құрылыс салушы компаниялар үлескерлердің қаражатын екі жағдайда ғана тартуға құқылы: Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорымен келісім-шарттың немесе әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

Осы орайда, Бас Прокурор Жақып Асанов «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 25-2-бабы  негізінде үндеу жолдап, әлеуетті тұрғын үй сатып алушыларды сақ болуға және жиналған ақшасын кез келген адамға бермеуге шақырды. Сондай-ақ сәйкес құжаттардың бар-жоғын мұқият тексеріп, күдік туындаған жағдайда заңгерлердің немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгінуге кеңес берді.

 

 

Барлық жаңалықтар