- Басты
- Жаңалықтар
- Ойыл ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтамасыз етілді
Ойыл ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтамасыз етілді

«ҚазТрансГаз» ұлттық операторының «Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ үлестіру желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде Ойыл ауданының Ойыл ауылында тартылған және ауылішілік газ құбырының құрылысы аяқталды.
Ойыл ауылында газдандыру шеңберінде 1 автоматтандырылған газ үлестіру станциясы, 1 газ реттеуші блокты пункт, 59 шкафты газ үлестіруші пункттер салынды, 90 шм астам тартылған газ құбыры өткізілді, сондай-ақ шамамен 80 шм жуық орамішілік газ үлестіру желісі салынды. Тапсырылған объектілер ауылдың 6 мыңға жуық тұрғынын үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл 871 жеке тұрғын үй мен 59 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік объект.
Облыс әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру бойынша барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
«Ауылды жерлердегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға жыл сайын қомақты қаражат бөлінуде. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқасында аудан орталықтарын газдандыру одан әрі жалғасады. Осы жылы тойланатын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Ақтөбе облысында барлық аудан орталықтары газдандырылады. Бірнеше жылдан кейін көгілдір отынды елді мекендердің барлық тұрғындары алады», - делінген хабарламада.
Бұл ретте, ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ күш салуының арқасында осы жылы Ақтөбе облысының тағы 30 мың тұрғыны көгілдір отын алады.
Жалпы облыс бойынша 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық жоба шеңберінде 287 шм газ құбыры салынады. 2030 жылға дейін облыстағы табиғи газбен қамту 96%-ды құрайды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда

