- Басты
- Жаңалықтар
- Дуальді оқытудың алғашқы төрт студенті отандық мұнай компаниясына жұмысқа орналасты
Дуальді оқытудың алғашқы төрт студенті отандық мұнай компаниясына жұмысқа орналасты
Оқудың дуальді жүйесін «Ембімұнайгаз» отандық мұнай компаниясы іске асыруда. Осымен екінші жыл АРЕС Petrotechnic жоғарғы техникалық мектебінің және Атырау мұнай және газ институтының студенттері жаңа жүйе бойынша оқытылып жатыр. Бірінші, пилоттық жылы 39 студент тәжірибеден өтті.
«Оқудың дуальді жүйесі қатысушы тараптардың барлық талаптарына жауап береді. Компания үшін бұл кадрларды дайындау мүмкіндігі. Қорытынды тестілеу нәтижесі бойынша ең жоғары көрсеткіші бар төрт түлек іріктелді, оларды Ембімұнайгаз жұмысқа қабылдады»,- деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚБас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков.
Оқыту бағдарламасы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның үш өндірістік құрылымдық бөлімшесі бойынша бөлуді көздейді. Тағылымдама шеберлер мен операторлардың басшылығымен зерттеу жұмыстары цехының «Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторы» мамандығы бойынша жүргізіледі.
Тағылымдама аяқталған соң дуальді оқыту студенттері емтихандар тапсырады, соның нәтижесінде оларға меңгерген жұмыс мамандығы бойынша біліктілік беріледі және еңбек кітапшаларына тағылымдамадан өтушінің дуальді оқытудан өткендігі туралы жазылады.
«Жобаның бірінші жылының қорытындысы бойынша Атырау мұнай және газ институтының үшінші курсын тәмамдаған 19 студенті жаңа 2016-2017 оқу жылында мұнайды дайындау және айдау цехының «сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы» жаңа мамандығы бойынша дуальді оқытуды жалғастырады», - деді ол.
Осылайша, оқу орнын аяқтаған кезде олар екі жұмыс мамандығын алып шығады. Бұдан басқа, дуальді оқыту жүйесі шеңберінде 2017 жылғы қаңтардан бастап АРЕС Petrotechnic жоғары мектебі ІІІ курсының 10 студенті және Атырау мұнай және газ институты ІІІ курсының 20 студенті «Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор» мамандығын меңгеруді бастайды.
Ботагөз Айтжанова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері