• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қытай халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат жүйесін құрды

Қазақстан мен Қытай халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат жүйесін құрды

13 Қазан, 2016 16:17
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің жанындағы көлік ынтымақтастығы жөніндегі кіші Комитетінің оныншы отырысы барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Көлік министрлігі арасында халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат жүйесін құру туралы Хаттамаға қол қойылды.

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, аталған Хаттамаға сәйкес өзара тиімді негізде екі тарап арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалдары толық реттеледі.

Қазақстан мен Қытай арасында автотасымалдарды жүзеге асыру үшін рұқсаттың төрт түрі  анықталған:

«А» түрі –  жолаушылар мен багаждың тұрақты тасымалдарына арналған, бланк көп мәртелік бір жылға дейін жарамды (қазақстандық тасымалдаушыларына Үрімші қаласына дейін кіруге рұқсат етіледі, қытайлық тасымалдаушылар Алматы облысы мен ШҚО елді мекендеріне дейін кіре алады);

«В» түрі – жолаушылар мен багаждың тұрақсыз тасымалдарына арналған, бір мәрте жүріп өтуге жарамды (тасымалдар тараптардың шекара маңындағы аудандарда жүзеге асырылады);

«С» түрі –  жүк тасымалдарына арналған, бір мәрте жүріп өтуге жарамды (тасымалдар тараптардың шекара маңындағы аудандарда жүзеге асырылады);

«D» түрі – жүктердің белгілі маршруттар (қызмет ететін) бойынша тасымалдарына арналған, тура және кері рейісті орындауға құқығы бар. Бұл өз кезегінде отандық тасымалдаушыларға анықталған маршруттар бойынша ҚХР аумағына кіруге мүмкіндік береді.  

 

Барлық жаңалықтар