- Басты
- Жаңалықтар
- Азық-түлік корпорациясы қазақстандық бидайды Қытайға экспорттауда
Азық-түлік корпорациясы қазақстандық бидайды Қытайға экспорттауда
«Ағымдағы жылдың қараша айының соңында ҚХР-ға алғашқы бидай вагондары жөнелтілді. Жалпы Азық-түлік корпорациясының ҚХР ірі астық трейдерімен жасаған бітімге сәйкес 2013 жылдың соңына дейін 10 мың тонна бидай жеткізу көзделіп отыр. Аталған көлемді жеткізгеннен кейін қытай жағымен қазақстандық бидай экспорты көлемін ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізілуі жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Бидайды экспорттау аталған мемлекетке қазақстандық бидай мен ұн жеткізу туралы қытай жағымен келісімдер нәтижесі бойынша мемлекет Басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мен ҚХР басшылары 2013 жылдың сәуір мен қыркүйек айларында өткен кездесуде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы, сонымен қатар Қазақстаннан Қытайға бидай экспорттау сұрақтары қарастырылған болатын.
Бидайды жөнелту Азық-түлік корпорациясының Ақмола облысындағы уәкілетті НҚҚ бірінен іске асырылды.
Жалпы алғанда, Азық-түлік корпорациясы жоспар бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін 200 мың тонна бидай экспорттауды көздеп отыр. Жеткізілімдердің негізгі бағыттары – Қытай, Иран, Ресей, Әзірбайжан.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды