- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Тәжікстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады
Сенат Тәжікстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады
«2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбе қаласында жасалған Шарттың мақсаты екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару болып табылады. Шарт жоғары және биік деңгейде кездесулер тетігін жетілдіруді және тұрақты түрде пікір алмасуды өткізу және екіжақты қарым-қатынастар мәселелері мен өзара мүддені білдіретін халықаралық өзекті проблемалар бойынша ұстанымдарды келісуді көздейді», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді.
Шартқа сәйкес тараптар екінші тарапқа қарсы бағытталған күш қолданудан немесе күш қолдану қатерінен тартыну міндеттемесін растайды, тараптар әрі жаһандық, әрі өңірлік ауқымда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды, қазіргі кезеңдегі қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күш біріктіруді үйлестіреді.
«Шартпен әскери, әскери-техникалық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында ынтымақтастықты кеңейту көзделген», - деді ол.
Сонымен қатар, бейінді комитет өз қорытындысында атап өткендей, шарттың мақсаты екі жақты қарым-қатынасты екі елдің саяси, экономикалық және мәдени салалардағы тығыз өзара іс-қимылының ұзақ мерзімді болашағына бағытталған стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару болып табылады. Шартта жоғарғы және жоғары деңгейлердегі кездесулердің тетіктерін жетілдіру және тұрақты түрде пікір алмасу және өзара қызығушылық туғызатын өзекті халықаралық проблемалар мен екі жақты қарым-қатынас мәселелері бойынша позицияларды келісу көзделеді.
Осылайша, Шартқа сәйкес, тараптар бір-біріне қарсы бағытталған күш қолдануға немесе күштеп қорқытуға жол бермеу міндеттемесін растайды, жаһандық және өңірлік ауқымда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды, қазіргі сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау бойынша өз күшін үйлестіреді.
Шарттар әскери, әскери-техникалық, сауда-экономикалық, мәдени-ізгілікті салалардағы, азаматтық қорғаныс пен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту көзделеді.
Индира Кауметова
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы