- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын өнімнің көлемі 5,5 пайызға көбейді
Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын өнімнің көлемі 5,5 пайызға көбейді
«Нұр Отан» партиясы басымдық берілген мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерде жүзеге асу қарқыны мен сапасын әрдайым бақылап отырады. Солардың ішінде «Агробизнес-2020» бағдарламасы партияның жіті қадағалауында. Бұл бағдарлама аясында мемлекет ауыл шаруашылығына 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлді.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары осы жылдың басынан бастап әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне жүргізілген мониторинг нәтижесінде Орталық Қазақстанда оң өзгерістер байқалатынын атап өтті.
Облыс жалпы аймақтық өнімнің өсу қарқыны бойынша республикада 4-орында тұр. Өнім көлемі – 1 трлн. 21 млрд-тан астам теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 138 пайызды құрады.Сонымен қатар, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, жез, марганец, алтынды, темір және қорғасын-мырыш кенін өндіру де артты.
Өндеу өнеркәсібінде шығарылатын өнімнің көлемі 5,5 пайызға көбейді. Бұл саладағы еңбек өнімділігі 30 мың доллардан асып, өткен жылға қарағанда, 4,7 пайызға өсті (республика бойынша ең жоғары көрсеткіш).
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді