- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ХҒТО қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялады (ФОТО)
Сенат ХҒТО қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялады (ФОТО)
«Халықаралық ғылыми-техникалық орталық үкіметаралық ұйым болып табылады. Орталық Еуропалық одақ, Ресей Федерациясы және басқа елдер арасындағы келісім негізінде ядролық қаруды таратпау мақсатында құрылған. Қазақстан орталыққа 1995 жылы қосылды. Орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімге 2015 жылы Астанада қол қойылған», - деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, жобаны сенат депутаттарына таныстыра отырып.
Оның айтуы бойынша, осы келісім орталықтың штаб-пәтерін Ресейден Қазақстанға ауыстыруды көздейді. Келісімге сәйкес, Қазақстан орталыққа қызметтік үй-жай ұсынады.
«Орталық қызметін жалғастыру туралы келісімнің әлі ратификацияланбағанын ескерсек те, орталық қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің ғимаратында өтеусіз негізде орналасқан. Шығыстарды да осы Университет өтеуде. Бір жыл ішіндегі шығыстар 18 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта министрлік «Астана ЭКСПО 2017» компаниясымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, орталықтың штаб-пәтерін ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі ғимараттарының бірінде орналастыру мәселесін пысықтауда», - деді Е. Сағадиев.
Бұл ретте ведомство басшысы келісімге сәйкес, орталықтың негізгі міндеті жаппай қырып-жою саласында білімі мен дағдылары бар ғалымдар мен инженерлерге олардың білімі мен дағдылары бейбіт қызметте пайдаланылуы мүмкін орындарда оқу және баламалы жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктер беру болып табылатынын хабарлады. Ол орталық өз қызметін бірнеше бағыт бойынша жүргізетінін нақтылады: ғылыми-техникалық жобаларға гранттар бөлу, семинарлар өткізу.
Орталық Қазақстанда биотехнология, ядролық реакторлар, материалтану, химия және физика сияқты ғылыми бағыттарды танытады. Министрдің айтуы бойынша, әрбір жоба бойынша орталық бөлген грант сомасы ұйымның мәлімделген сомасына байланысты.
«Орта есеппен, сомасы 100-ден 160 мың долларға дейін өзгеріп тұрады. Жобаның ұзақтығы негізінен 2-3 жылды құрайды. Соңғы 20 жыл ішінде орталықтың Қазақстан ғалымдарына төлеген гранттарының көлемі 75 млн долларды құрады, бұл гранттың жалпы сомасының 13%-ын құрайды. Көрсетілген кезеңде Қазақстанның 5 мыңға жуық ғалымына 206 грант бөлінген», - деп қосты Е. Сағадиев.
Сенаттың бейінді комитетінің қорытындысында айтылғандай, заң жобасының мақсаты Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың мақсаттарын анағұрлым тиімді іске асыруға бағытталған ХҒТО қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялау болып табылады.
Келісімге сәйкес, орталық бірқатар міндеттерді жүзеге асырады. Ол жаппай қырып-жою қаруын таратуды тоқтату жөніндегі халықаралық тетіктерді жетілдіруге жәрдемдесу, жаппай қырып-жою қаруына қатысты білімі мен дағдылары бар ғалымдар мен инженерлерге олардың білімі мен дағдылары бейбіт қызметте пайдаланылуы мүмкін орындарда оқу және баламалы жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктер беру.
Одан басқа, орталық жаппай қырып-жою қаруын шығару және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін материалдарды, жабдықты және технологияларды пайдалану саласында қауіпсіздік мәдениетін жасауға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, өз қызметі шеңберінде, халықаралық ғылыми әріптестікті қалыптастыруға, дүниежүзілік қауіпсіздікті нығайтуға және инновациялар арқылы экономикалық өсуге, қоршаған орта, энергетика, денсаулық сақтау және ядролық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді жүзеге асыру мен коммерциялық іске асыруға, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруына қатысты технологиялары, материалдары және сараптамалық білімі бар ғалымдардың халықаралық ғылыми қоғамдастыққа одан әрі тартылуын көтермелеуге жәрдемдеседі.
Индира Қауметова
Сурет Азамат Әлиев
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы