- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарында тексеріс жүргізді (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарында тексеріс жүргізді (ФОТО)
Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай мен қорытынды тексерістің жүргізілу барысы туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының міндеттерін уақытша атқарушы және Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының баяндамаларын тыңдады.
Тексеріс кезінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов 01098 әскери бөлімі 2-ші танк батальонының іс-қимылдарын, роталық-тактикалық оқу-жаттығулардың өткізілу барысын, ЖӘЖМ-2 мен Т-72-ден мотоатқыш, танкті взводтардың оқ атуларды орындауын тексерді.
Қорғаныс министрі танк жарақтандыруынан үздік оқ атқаны үшін 21450 әскери бөлімі 8-ші танк ротасы 1-ші танк взводының сержанты Нұрлан Райымбековті айрықша атап өтіп, оған алғыс жариялады.
Одан басқа, ведомство басшысы Отар және Сарыөзек гарнизондарының инфрақұрылымына жөндеу жүргізілуі барысын тексерді.
Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау жөнінде Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарының командалық құрамы мен әскери қызметшілеріне нақты міндеттер жүктеді.
Әскерлердің қорытынды тексерісі барысында тактикалық буын, яғни, взвод, рота, батальонның жауынгерлік әзірлігі мен оқытылуы жай-күйіне ерекше назар аударылатынын айта кеткен жөн.
Бақылау сабақтарының нәтижелері бойынша әрбір әскери қызметшіге баға қойылып, сондай-ақ, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға бөлімшелердің дайындығының егжей-тегжейлі талдауы жүргізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы