ШҚО-да өндіруші кәсіпорындардың бағалары 1,6%-ға төмендеді

13 Қазан, 2016 12:14
Қыркүйекте тамызға қатысты алғанда экономиканың нақты секторында келесідей бағалық өзгерістер орын алды: өнеркәсіпте өндіруші кәсіпорындардың бағалары 1,6%-ға төмендеді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Оның ішінде металлургиялық өнеркәсіп өнімдеріне – 1,3%), өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдер бағалары 0,5%-ға артты.

Облыстың ауылшаруашылық құрылымдарымен өткізілген дәнді дақылдар 0,6%, картоп – 5,5%, көкөніс – 7,7%, мал және құс – 0,1%-ға арзандай түсті; шикі сүттің бағасы – 0,4%-ға артты. Көтерме сауда тобындағы бағалар – 0,7%, құрылыста – 0,4%-ға артты.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау бағасы 0,2%-ға төмендеді.

Барлық жаңалықтар