- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова «Жастар» театрының қызметімен танысты
Г.Әбдіқалықова «Жастар» театрының қызметімен танысты
Парламент депутаттары, еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері тамашалаған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы» жарлығына сәйкес, қазан айына «Мәңгілік мұра» деген атау беріліп, ол Қазақстан халқы мәдениетінің жетістіктеріне, өнер мен шығармашылықтың баға жетпес үлгілеріне арналып отыр.
Көрермен назарына ұсынылған қойылым көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысы негізінде қазіргі заманға сай үлгіде сахналанып, лирикалық әуенмен көмкеріліп, керемет үйлесіммен берілді.
Спектакль алдында Г.Әбдіқалықова республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, Мемлекет басшысының еліміздің мәдениет саласының маңызды рөлін талай рет айрықша атап көрсеткенін айтты. Бүгінде елімізде 64 театр, 234 мұражай, 4168 кітапхана және 3180 клуб жұмыс істейді.
Мемлекеттік хатшы «Жастар» театрында оның қазіргі жұмысымен, шығармашылық ұжымымен және алдағы жоспарларымен танысты. Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің рухани-мәдени өміріндегі «Жастар» театры шығармашылық труппасының зор үлесін атап өтті.
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия беру тәртібіне қандай өзгерістер енгізілді -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды -
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды -
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды -
Елордада "Abai tv" телеарнасының таныстырылымы өтті -
Қ.Тоқаев Алматыдағы бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты -
А. Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды -
Б. Сапарбаев Тараздағы құрылыс кәсіпорындарының жұмысымен танысты -
Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды