Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда онлайн-режимде көрсетілетін қызметтердің саны ұлғайып келеді

Онлайн-режим салық органдарына барлық жасалған операцияларға толық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. ҚР-да онлайн-режимге ауыстырылған қызметтердің саны артып келеді, деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.
Астана қаласы12 Қазан , 18:01

«Біз болашақ электрондық шот-фактураларда екенін көріп отырмыз. Яғни барлығы электрондық түрде орындалады. 2014 жыл ішінде 116 мың электрондық шот-фактура жазылған. 2015 жылы – 800 мың, бүгінгі күні 3,5 млн-нан астам шот-фактура жазылған», - деді ол.

1 маусымдағы жағдай бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде 47 мың пайдаланушы тіркелген. Олардың ішінде ЖК - 10 мың, заңды тұлғалар - 16 мың, әр түрлі жеке тұлғалар - 20 мың.

«Біз осыны болашақта тікелей бақылаудың толық жүйесін құру үшін жасап жатырмыз. Бұл жүйе тауар шекарадан өтіп, ҚР аумағына түскен сәттен бастап электрондық шот-фактуралар жазуды білдіреді. Әрбір кезеңнің өз ақпараттық жүйесі болады, олар қадағалау жүйесі деп аталатын бірыңғай жүйеге біріктіріледі», - деп атап өтті ол.

Е. Біржанов онлайн кассалық аппараттар енгізу бойынша жобаның іске қосылғанын да хабарлады. Бүгінгі таңда 52 000 астам салық төлеуші тіркелген, 2,5 трлн теңгеден астам сомаға 60 млн-нан астам чек өткізілген.

«Бұрын рейдтік тексерулер үлесі өте үлкен болған, онлайн-режимді енгізе отырып, бірқатар тексерулер, соның ішінде рейдтік және хронометражды тексерулер алынып тасталады. Онлайн-режимнен салық органдары айналым, түсім және т.б. көреді, себебі электрондық формат онлайн-режимде толық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, сарапшы ағымдағы жылы қазыналық мақсаттарға ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің өздеріне де арналған «Виртуалды қойма» жеке модулі әзірленіп жатқанын атап өтті. «Электрондық қойманың» бірінші нұсқасы осы жылдың соңына дейін іске асырылады.

«Салықтардың түсуіне экономиканың өсуі есебінен ғана емес, сонымен қатар, төлеу еркіндігінің өсуі, әкімшілендіруді жақсартудың өсуі есебінен де қол жеткізіледі, қарапайым жазалау шараларымен біз жетістікке қол жеткізе алмаймыз, сондықтан, біз салық төлеушілердің әрбір санатына қатысты бірқатар шаралар қабылдаймыз», - деп қосты ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика