- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасын қабылдады
«Р.Түсіпбеков Мемлекет басшысын агенттіктің биылғы 10 айдағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде еліміздің позициясы төмендегенін атап көрсетті.
«Рейтингтің нашарлауы бұл бағыттағы жұмыс қарқынының төмендегенін немесе агенттіктің қызметінде тиісті есеп жүргізілмейтінін білдіреді. Жергілікті жерлерде тұрғындар сыбайлас жемқорлықтың ахуалынан жақсы хабардар, солармен тығыз жұмыс істеу қажет. Оған қоса, бұл іспен «Нұр Отан» партиясының өкілдігі айналысуда, оларға мұндай фактілерді жұрт хабарлап отырады. Егер осындай ескертулерді назардан тыс қалдырмай, тексеріс жүргізіп, істі соңына дейін жеткізсе, онда бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-қимыл болады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы жемқорлықты жою үшін жалғыз агенттіктің немесе құқық қорғау органдарының күші жеткіліксіздігін, жүйелі шаралар қажет екенін атап өтті.
«Жылдан-жылға экономикалық, заңнамалық жағдайлар жақсара түсуде, тексерістер саны қысқаруда. Шенеуніктер мен тұрғындар арасында байланыс азайып, еңбекақы мөлшері артып келеді. Осының бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған. Көрсеткіштерді жасанды түрде көтерудің қажеті жоқ, барлығы сезінетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нағыз күрес жүргізілуі тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар халықаралық және қазақстандық қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық туралы айтты және бұл жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
Р.Түсіпбеков агенттік өз жұмысының бірқатар бағыттары бойынша көрсеткіштерді жақсартқанын да баяндады.
«Биылғы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 900 тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты 1333 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде, республикалық және облыстық деңгейдегі 120-дан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Көлеңкелі экономика бойынша, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, біз алкогольдің, мұнайдың заңсыз айналымына, жалған кәсіпорындарға қарсы күресті күшейттік. Жалпы, 4652 қылмыс анықталды. Бүгінде осы жұмыстың барлығы нәтижесін беруде», – деді Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады