- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат алу жеңілдетілді
Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат алу жеңілдетілді
Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға кемінде үш рет баруы қажет болатын, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, деректердің өзгерістерін тіркеуге 2 факті - қайта өлшеу кезінде анықталған алаңның өзгерісі және жылжымайтын мүлік объектісін қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерісі негіз болуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық паспортты және құқық белгілейтін құжатты (жекешелендіру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.
Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну қажет, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады. Бірақ, Құмарғалиевтің айтуынша, енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де ресімдейді. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.
Құжаттар топтамасын жинақтау қызметін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ақылы негізде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Бұл сервис мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргізу жағдайларын жеңілдетуге арналған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары