- Басты
- Жаңалықтар
- Кентау трансформатор зауытының экспорт көлемі биыл 40 пайызға көтерілді
Кентау трансформатор зауытының экспорт көлемі биыл 40 пайызға көтерілді
Бұл жемісті еңбек тек зауытта ғана емес, республикада орын алып отырған тарихи жаңалық деуге болады. Өйткені, Қаратау тәжіндегі құрастырылатын трансформатордың ең қуаттысы 63 мегаваттыққа дейінгі болатын, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Айта кету керек, бір данасының өзі Кентау секілді 10 ауданды электр қуатымен қамтитын алпауыт трансформаторға қазіргі таңда 4 тапсырыс түскен.
Басшылықтың біліктілігі мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Кентау трансформатор зауытының ұжымы өткен жылы үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Өнім көлемі межеленген жоспардан артық орындалып, 11 млрд теңгеге жетті.
2015 жылдың жырты жылдығында экспорт көлемі 33 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткіш 40 пайызға көтеріліп отыр. Алдағы уақытта экспортты 50 пайызға жеткізу жоспарлап отырған зауытта 1100 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді.
Осылайша, дағдарыстан дамуға бет алған зауыт қазірдің өзінде 2017 жылғы қаңтар айына дейін жететін тапсырыстар қабылдап, келісім-шарттар жасасып қойған. Тапсырыс берушілердің көпшілігі шет елдік компаниялар. Тіпті, кейбір мемлекеттер 3 жылға дейін келісім-шартқа отырған.
«Еуразиялық Экономикалық Одақтың» жемісін көріп отырған бірден-бір компания жақында ғана Белоруссия мемлекетінен тапсырыс алды. Бұл тарихта болмаған оқиға. Ал Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдерден келіп жатқан тапсырыстардың да көлемі артып келеді.
Жаңа техникамен жарақтандырылуға және жаңа өнім шығаруға зауыт басшылығы әрдайым басымдық береді. Кеңес Одағы тұсындағы жабдықтар қазір жарамсыз. Сондықтан зауыт құрылғалы бері мұндағы технологияның барлығы түгелімен жаңаланды. Өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсті. 2014 жылы - 26, 2015 жылы - 36 жаңа өнім түрі шығарылса, 2016 жылы - 42 жаңа өнім түрін шығару жоспарланып отыр.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы