- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмысқа орналастыру бағдарламалары әзірленді
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмысқа орналастыру бағдарламалары әзірленді
Бос орындар жәрмеңкесіне мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қызметтер және т.б. бағыттарда мәселелерді шешуге қатысатын үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Жалпы, жәрмеңкеге мүгедектігі бар 100 астам адам шақырылды, олар үшін жұмысқа орналастыру бойынша жеке оңалту бағдарламалары әзірленді.
« Мұндай шараға алғаш рет қатысып отырмын, түрлі ұйымдардың өкілдерімен әңгімелестім, өз түйіндемемді қалдырдым. Біреуі хабарласар деп ойлаймын», - деді жәрмеңкеге қатысушылардың бірі Алмат Алпысбаев.
Бос жұмыс орындарынан басқа, шара барысында жұмыс іздеп келгендер қолдан жасаған бұйымдар да көпшілік назарына ұсынылды. Соның ішінде, картиналар, сөмкелер, алжапқыштар және т.б.
«Тігін цехы, шеберханалар бар, олар сонда жұмыс істейді, мамандардан сабақ алады. Жұмыссыз жүргендер шығармашылықпен айналысады, содан кейін өз туындыларын көрмелерге шығарады, сатады», - деді «Көмек» қоғамдық қорының өкілі Ирина Зайцева.
Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, ай басындағы жағдай бойынша жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 522 мүмкіндігі шектеулі жан қамтылды, соның ішінде 174-і жұмысқа орналастырылды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы