• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Ұлттық банкі: Жария етілген қаражаттың 53%-ы қолма-қол ақша түрінде банк шоттарына салынған

ҚР Ұлттық банкі: Жария етілген қаражаттың 53%-ы қолма-қол ақша түрінде банк шоттарына салынған

12 Қазан, 2016 20:41
2014 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 6 қазанға дейін жария ету бойынша акциялардың қолданыста болу кезеңінде банктер шамамен 1 трлн 870 млрд теңгеге жуық қаражат салынған 4 201 банк шотын ашқан.

«Кемінде 1 трлн 658 млрд теңге шетелдік валютамен, көбінесе АҚШ долларымен жария етілген, бұл жария етілген ақшаның жалпы сомасының 89%-ын құрайды. Жартысынан астамы – жария етілген ақша қаражатының 53%-ы банк шоттарына қолма-қол ақша түрінде салынған. Қолма-қол емес аудару арқылы 47% есептелген, соның ішінде 14%-ы – шетелдік банктердегі шоттардан аударымдар», – деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, арнайы шотта қаражат сақтау жөніндегі талап күшінің жойылуына байланысты, қазақстандықтар жария ету рәсімдері аяқталғаннан кейін ақшаны арнайы шоттардан кәдімгі банк шоттарына қайта аударғысы келеді.  

«Жария ету кезеңінде арнайы шоттардан басқа банк шоттарына ақша қаражатының 62%-ы аударылған. Осы ретте жария етілген ақша негізінен қазақстандық банктерде ашылған банк шоттарына аударылады. Шетелдік банктерде ашылған шоттарға жария етілген ақшаның  шамамен 9%-ы аударылған», – деп хабарлады банк.

Барлық жаңалықтар